Жоба және авторлар
Пайдаланылған мотор майларын Еуро-3 және Еуро-4 класты дизель отынына қайта өңдеу
"PSI Kazakhstan" ЖШС Еуро-3 класты дизель отынын алу мақсатында пайдаланылған майлау майларын кәдеге жарату технологиясы мен жабдығын жасады. Компания Атырау қаласында (Доссор кенті) тәулігіне 2000 литр пайдаланылған майды қайта өңдеу қуаты бар кәдеге жарату алаңын салу жобасын дамытуда. Алаң әзірленген технология негізінде салынған кавитациялық термокаталитикалық деструктивті мобильді қондырғымен жабдықталатын болады.
Кәдеге жарату алаңы бар өңірде пайдаланылған майлау материалдарының толық спектрін қайта өңдеуге және Еуро-3 класты дизель отынын (ақ түсті қысқы дизель (ГОСТ Р 52368-2005 i түрі) өндіруге мүмкіндік береді.
Технологияның бірегейлігі:
* бәсекелестерден өзінің компамдылығымен ("микро-МӨЗ")жақсы ерекшеленеді
* жеңіл мұнай өнімдерінің максималды шығымдылығын қамтамасыз етеді (90%, қазіргі заманғы МӨЗ деңгейінде)
* өнімнің жоғары сапасы (ГОСТ сәйкес келеді